"Ақмола  облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының жас натуралистер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Станция юных натуралистов села Кийма отдела оразования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"кті

    Файл:Instagram icon.png — Википедия

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар

 

     Табиғат- адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Адам жаратылысынан бері табиғатта кездесетін нәрселердің-ағаш, тас, құм, шөптер, бәрін өз керегіне жарата білген. Адам өз жерінің қожасы. Сондықтан жердегі өсіп тұрған заттарды өз керегіне жарата отырып, одан әр түрлі бұйымдар жасаған.Табиғаттан керегіңді ала білу бар да,оны қайтару,яғни табиғатты аялай білу, сақтай білуді де ел ұмытпаған.Табиғат берген қазынаға ұқыпты қарап, үнемді пайдалана білсек, сонда ғана табиғаттың бізге берері көп. Табиғи материалдармен жұмыс жас натуралистердің ой-өрісін дамытуға, әсемдікке және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді. Жас натуралисттер топпен серуенге шыққан кезінде жеріміздің табиғатына сүйсініп, оны мақтан тұтады.Жас натуралистер станциясының жас натуралисттеріне материалдармен жұмыс істеу барысында өсімдіктер әлемінен, табиғат туралы бірқатар мәліметтер беріледі.Табиғаттағы емен жаңғағы, шырша бүршігі,жаңғақтың қабығы, түрлі жемістердің дәндері мен қабығы.Бұйымдар жасағанда жас натуралистер эстетикалық талғамын, кеңістіктегі түрлі құбылыстарға деген көзқарастарын дамытып, жұмысқа қызығушылығын арттырып, табиғи материалдардың түрлі ерекшеліктерін білдіру көзделеді.Олар үлкендігі, пішіні, түсі, қаттылығы, өңдеуге болатындығы, т.б.Оқушылар осы ерекшеліктерді түсініп, өзі жасайтын бұйымдарына түрлі табиғи материалды тиімді қолданып үйренеді.Табиғи материалдардың құсқа, түрлі жануарға, адамға ұқсастығын түсініп, көптеген қиыстырмалар құрастырылады.Сөйтіп, жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

 

 

Жаңартылған күні: 16.11.2023 16:49
Құрылған күні: 16.11.2023 16:49

Текст