Біздің ұйымның аумағында жылыжай орналасқан, Мұңда мектеп оқушылары табиғатпен таныстыру, оларға қызығушылық пен қамқорлықты тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруда маңызды орыналады. Жылыжай-тірі зертхана. Бұл табиғат туралы білімнің қайнар көзі. Мұнда тәрбиеленушілердің мәдени өсімдіктер, олардың биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиялары туралы білімі кеңейеді, тереңдейді, бекітіледі. Балалармен бірге өсімдіктердің дамуы мен өсуінің қоршаған орта факторларына және оларға күтім жасауға тәуелділігі анықталады. Жылыжайда жұмысістеу балаларға пайдалы еңбек дағдыларыналуға мүмкіндік береді. Жас өспірімдер өсімдіктерге күтім жасауды үйренеді. Топырақдайындау, отырғызу, себу, байлау және т.б. бұл дағдылар өмірде өте пайдалы болды.
Дәл осы жерде, жылыжайда жерге деген көзқарас қалыптасады-елдің басты байлығы ретінде, жерге, еңбекке деген махаббат осыған жатады.