Текст
13 қантар 2022 жылы Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Л.Ш. Сейдахметованың, Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Е.Р. Шапиевтің қатысуымен ауданның педагогтер қауымымен Қазақстан Республикасы Президенті Қ-Ж Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Мәжіліс отырысында мәлімдеген инициативаларын қолдау бойынша онлайн кездесу өтті Кездесуге ұстаздар қатысты. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Мәжіліс отырысында ел Президентімен жасалған мәлімдемеге қатысты пікірін айтып, бірқатар мектеп басшылары мен педагогтері өз ойларын білдірді. Кездесу соңында ауданның білім бөлімінің басшысы Е. Шапиев кездесу тақырыбына қатысты өз мәлімдемесін жасап, қорытындылады.