"Ақмола  облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының жас натуралистер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Станция юных натуралистов села Кийма отдела оразования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"кті

    Файл:Instagram icon.png — Википедия

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Онкүндік шеңберінде өткізілген «Әлемдегі ең ерекше гүлдер» атты ашық сабақ .

19.03.2018

Онкүндік шеңберінде 

өткізілген «Әлемдегі ең ерекше гүлдер» атты ашық сабақ .

     «Жас натуралистер станциясы» мұғалімдерімен ұйымдастырылған онкүндік іс шаралары өтті. Онкүндік аясында

«ЖНС» жетекшісі «Әлемдегі ең ерекше гүлдер» тақырыбына Бимағамбетова Қарлыгаш Балдыбековна ашық сабақ өткізді. Сабақ әр түрлі және қызықты болып өтті.Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында әр түрлі әдістер таңдалды. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдана отырып, жаңа материалды аша білді. Оқушылардың гүлді өсімдіктері туралы білімдерін жетілдіріп ,оларды өсіріп баптау, күту туралы тәжірибе ретінде көрсетті. Гүлдер туралы мағлұматтар, қызықты фактілермен таныстырды.

Гүлдер үнемі қуаныш әкеледі, сондықтан да адамдар бір –біріне гүлдер сыйлайды дей отыра,«Сізге сыйлаймын» әдісі бойынша тәжірибе бөлімінде қол шеберлігін дамыта отырып, капроннан лалагүлін жасауды үйретті. Оқушылар гүл жасау жолы мен әдісін меңгеріп, әдемі өнер туындысын жасап шығарды. Оқушыларға сабақ соңында «Тақырып

бойынша не білдіңдер?», «Не жасап үйрендік?» деген сұрақ қойылып, жауаптарды стикерлерге жазу тапсырылды. Мұғалім оқушылардың нәтижелерін талқылап,  қорытынды жасады. Сабақ тиянақты көрнекілікпен, құрал-жабдықтар арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.

Просмотров: 299

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст