Міне,айналасын сары алтынға толтырып, әдемі де әсем күз мезгілі де жетті. Бұл әсемдік пен сұлулыққа қарап тұрсаң көзің тоймайды. Күздің тағы бір ерекшелігі балаларға арнайы күзгі бал мерекесі. «Жас натуралистер станция» кешенімізде «Күзгі бал – 2018» атты байқауы өткізілді. Сайысты өткізудегі негізгі мақсат- күзгі бал сайысында қатысушылардың арасынан күз аруын анықтау. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Табиғатты
сүюге тәрбиелеу. Бұл конкурста 5 ару қыздарымыз өздерінің өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынады. Сайыс бағдарламасы 4 кезеңнен тұрды: «Таныстырсам өзімді», «Сөз тапқанға қолға жоқ», «Өнерл өрге жүзері», «Сән үлгісі». Қатысушылар өте тиянақты дайындалып, өздерінің тапқырлығын, ұйымдастырушылық
қабілеттерін көрсетуге тырысты.
Байқау қорытындысы бойынша Абдыкалыкова Аймерей «Күз аруы» номинациясына ие болдып, арнайы жүлделі диплом мен бағалы сыйлық тапсырылды. Сондай-ақ, әділқазылар тарапынан жеке атаулар бойынша да өнер көрсетушілерге сыйлықтар берілді.
«Сәнгой ару» - Көпжасар Аяжан
«Көрікті ару»
- Ахметова Гульмира
«Іскер ару» - Байсмакова Мадина
«Өнерлі ару» -Капеш Сабина
Ұйымдастырылған мерекелік іс- шара көңілімен өтті . Балаларға арнайы іс шарадан естелік ретінде күзгі портретін жасауға ұсынды.